Өскемен әкімі Риддер әкімі орынбасары жасаған жол апатының кездейсоқ куәгері болған

0 22

Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев Риддерде жол апатынан қаза тапқан адамның ісінің фигуранты болды. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол оқиғаның кездейсоқ куәгері болған, — деп хабарлайды КТК арнасы.

Айта кетейік, BMW Х5 жүргізушісі Риддер қаласында 19 жастағы Виктор Смольниковты қағып өлтірді. Тексеру барысында BMW Х5 жүргізушісі 45 жастағы ер адамның көлікті мас күйде жүргізгені және ол Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталды. Ол ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, қайтыс болған жігіттің туыстары жігітті қаққан көлік ішінде Өскемен қаласының әкімі болғанын айтады. Қуат Тұмабаев қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Алайда оның баспасөз қызметі әкімнің жол-көлік оқиғасы болған жерде кездейсоқ жүргенін айтты. «Ол кездейсоқ жол апатының куәгері болды. Жедел жәрдем шақырып, куәгер ретінде Риддер АІІБ қызметкеріне оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Одан іс материалдарын жарияламау туралы қолхат алынған», — деді Өскемен әкімі баспасөз қызметінің өкілі Әсем Қайратбек. 

Айта кетейік, осыған дейін Виктор Смольниковтың әкесі Риддер әкімі орынбасарының көлік жүргізген сәтінде түсірілді деген видео ұсынды. Сондай-ақ баланың әкесі жүргізуші ұсталғаннан кейін, жолаушы осы автокөлікпен оқиға орнынан кетіп қалған. Кейінірек видеода көлікті оқиға орнына қайтып алып келгені бар, алайда көлікті жолдың арғы бетіне қойған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.