Жамбылдық мемлекеттік қызметкерлер спорт кешендерін тегін пайдаланады

0 9

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлердің спорттық нысандарға қолжетімділігі туралы арнайы меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Меморандум Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Мақсұт Нәлібаев пен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Нұрбол Жүнісбеков арасында жасалды.

«Ынтымақтастық аясында облыстың мемлекеттік қызметкерлері тегін спорт залдарымен қамтамасыз етіледі. Облыстық спорт басқармасы мемлекеттік қызметкерлерге 20-дан астам спорттық нысандарды бөледі. Ол жерлерде бірнеше  спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл футбол, волейбол, баскетбол, бокс және басқа да спорт түрлері», — деп хабарлайды ведомство.

Осыған орай, спорт нысандарының кестесі, аптаның ыңғайлы күндері және мемлекеттік қызметкерлердің келу уақыттары мақұлданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.