Жазғы шомылу мерзімі қарсаңында ТЖД қызметкерлері орта мектеп оқушыларына суда шомылудың қауіпсіздік шараларына байланысты түсіндіру сабақтарын өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Барлық су қоймаларында ыстық күндердің басталуына байланысты демалушылардың саны күрт артады. Осыған сәйкес, өткізілген іс-шаралардың мақсаты әр қатысушыларға су айдындарындағы қарапайым ережелерді сақтауды жеткізу үшін ұйымдастырылды.
Тағы айта кетерлігі, 16– 23 сәуір аралығында 20 орта мектепте 4690 оқушының қатысуымен 40 сабақ өткізілді.
Алдағы уақытта 23 сәуір мен 13 мамыр аралығында 10 000-нан астам оқушыны қамтып, 39 орта мектепте 78 сабақ өткізу жоспарлануда.