Бұл мәліметті Тараз қаласындағы ӨКҚ – де өткен брифингте аудан әкімі Д.Алиев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жалпы аудан бойынша газдандыру 39,1% құрап отыр. Елді мекенде орналасқан мемлекеттік маңызы бар мекемелерді газдандыру үшін облыстық бюджеттен 39 млн. 578 мың теңге бөлінген.
Аудан орталығы Қаратау қаласынының ішкі кварталдық газ жүйелерін жалғастыруға 223 млн. 95 мың теңге жұмсалған.
Одан басқа, тағы 3 елді мекенге газ құбырын жеткізуге облыстық бюджеттен ЖСҚ дайындау мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2017 жылы 44 млн. 796 мың теңге бөлінген.
Бұл жобаның аяқтау үшін құны 3 млрд. 221 млн. 700 мың теңге жұмсалады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат алуға өтінім беріледі