Сарысу ауданында мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді

0 25

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Сарысу ауданының әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 92 бас асыл тұқымды ірі қара бар. Оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып отырған 14 шаруашылықта мал саны 50 басқа жетіп, қалған 42 басы тауарлы шаруашылықтарда селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізу үшін пайдаланылуда.

Сондай-ақ, 2017 жылы 27 шаруашылық 86 бас мүйізді ірі қара сатып алса, 36 шаруашылық 1545 бас қоймен толықтырды.

«Ауданда мал басы мен өндірілген өнім бойынша 100-102 пайыз аралығында тұрақты өсім сақталып отыр», — дейді аудан әкімі Балабек Жанбекұлы.

Тағы айта кетерлігі, ҚР Үкіметінің мал тұқымын асылдандыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ауданда 2 шаруа қожалығы мен бір жеке кәсіпкер асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алып, жұмысын жүргізіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.