Назарбаев IELTS жанжалы туралы: Құдай ондай дәрігердің қолына түсуден сақтасын

0 5

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ағылшын тілінің сертификатына қатысты туған жанжалға түсініктеме берді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Медицинаға өз қалауымен, ықыласымен, қабілетімен барған адам ғана дәрігер болу тиіс. Адам ағзасы Құдай жаратқан ең күрделі механизм. Сондықтан, медицинаға қараңғы жолмен түсуге болмайды. Соңғы уақытта диплом сатып алып, университетке кейбір заңсыз жолдар арқылы түсті деп жатыр. Құдай ондай дәрігердің қолына түсуден сақтасын», – деді Назарбаев.

Медицина университетінің студенттеріне үндеу жолдаған Елбасы, медицина ғылымы күн сайын тың жаңалықтар шығарып жататынын атап өтті.

«Соның бәрін оқып, біліп отыру қажет. Сол үшін дәрігер міндетті түрде ағылшын тілін білуі тиіс. Үнемі әлемдік әдебиеттерді оқып, бәрінен хабары болып, тың жаңалықтардан тыс қалмағандары жөн. Жарнамаларды тыңдап, не жейтініңді білмейсің. Бүгін кофе ішуге болса, ертең оны тұтынуға болмайтынын оқисың. Кеше қызыл еттің мүлдем дұрыс емес екендігін оқыдым. Ал жануар майы ең пайдалы деп айтады», – деді президент.

Медицина университетінің студенттері нағыз дәрігерлер болу үшін оқуы керек, деді Мемлекет басшысы.

«Ол науқасты жақсы көріп, қолынан алып сипап, оған қамқор болуы керек. Міне, осыны үйрету қажет», – деді Назарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.