Ардагерлер кеңесінің бастамасымен бой көтергелі жатқан ғимараттың салынуын облыс әкімі де қолдап отыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жобасын облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі бекіткен қымызхана Т. Рысқұлбеков саябағында соғылады.
250 шаршы метр болатын жаңа қымызхананың құрылысымен «Шәушен» шаруа қожалығы айналысады.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер қалалық ардагерлер үйінің жанынан қариялар бос уақытында шахмат ойнап, әңгіме-дүкен құратын қосалқы бөлме соғуды да жоспарлап отыр.
Қымызхананың құрылысын Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына аяқтау көзделген.