Арнайы мониторинг тобының басшысы, қоғам қайраткері Айгүл Соловьеваның пікірінше, мемлекеттік мекемелерде смартфонға салынған тыйымды алып тастау керек. Бұл жайлы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің баспасөз қызметі жеткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық əкімдік жиынында сөз сөйлеген Айгүл Соловьева мемлекеттік мекемелерде смартфонға салынған тыйымды алып тастауды сұрады. Себебі, олар таңертеңнен кешке дейін күнделікті жұмыс істеп, кешке ғана смартфонды қолына алады.
«Мүмкін күтпеген жағдайлар болады немесе балаларға шұғыл түрде ата-аналарының көмегі қажет болады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұған дейін қазақстандық соттарда смартфон ұстауға рұқсат берілгені жайлы хабарланған еді. Жалпы, соттарда смартфон ұстауға 2016 жылғы 2 маусымда тыйым салынған болатын.