2018 жылғы 27 сәуірде Тараз қаласындағы «Magnat» сауда орталығында өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.


Оқу-жаттығу жұмыстарына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелері, «Медициналық апаттар орталығы» Жамбыл облыстық филиалы, Жергілікті полиция қызметінің экипаждарынан құралған 9 өрт сөндіру-құтқару техникасы мен 44 адамнан құралған жеке құрам жұмылдырылды.


Іс-шара барысында бөлімшелер жеке құрамымен жоғарғы қабаттардан жылжымалы автосаты көмегімен адамдарды көшіру әрекеттері жүргізіліп, газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, ғимараттың 5-6 қабаттарынан 6 адам құтқарылды.
