Данияр Елеусінов кәсіби боксшылардың әлемдік рейтингіне кірді

0 0

Белгілі Boxrec.com сайты қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кәсіби спорттағы алғашқы жеңісін есепке алды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген Данияр жартылай орта салмақта 894-шы орынға шығуға мүмкіндік берді. Бұл рейтингте ең үздік қазақстандық боксшылардың тізімін 59-шы орындағы Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) бастап тұр.

Еске сала кетейік,   Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді. Сондай-ақ, ол өзінің дебюттік кездесуі алдында сұхбат беріп, жоспарларымен бөліскен болатын. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.