Жамбылдық қос фотограф Алтынбек Қартабай мен Ағаділ Рысмахан ең үздік фотографтар қатарынан көрінді. Кəсіби фотографтарға ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы сертификат табыстады, — деп хабарлайды Zhambylnews АА.
Бұл сертификаттар Нью-Йорк қаласындағы «PHOTOfest.KZ» Халықаралық фотофестивалі аясында алғаш рет өткен «Қазақстан — əлем фотографтарының көзімен» фотокөрмесінде үздік туындылары көрсетілгені үшін берілген.
Биыл аталған фотофестиваль Елорданың 20 жылдығы қарсаңында Астана қаласында өткізіледі деп жоспарланған. Шараға əлемнің ең үздік мамандары келеді деп күтілуде.