Қазақстанда өткен тәулікте екі бала суға кетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы оқиға Атыраудағы Ширина ауылында болған.
2008 жылы туған бала абайсызда айлақтан Жайық өзеніне құлап, батып кеткен. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Екінші жағдайда Аралда бір жастағы қыз 50 литрлік су құйылған ыдысқа түсіп кеткен. Оны ата-анасы тауып алған.
Қос оқиға да балалар қараусыз қалып қойған сәтте болған.