Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңда тағы күш сынасуға үмітті.
«Асыға күтетін жекпе-жегім. Орта салмақта ең күшті екенімді дәлелдегім келеді. Түзете алатын бірнеше дүние бар, бокста. Артқа қарап, не істей алатыңызды бағамдай аласыз. Ал мен ең мықты екенімді дәлелдегім келеді», — дейді Джейкобс Boxingnews24.com порталына.
Еске салайық, боксшылар былтыр наурызда жұдырықтасқан. Ол кезде төрешілер шешімімен (115-112, 115-112 и 114-113) қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.
Жақында америкалық боксшы польшалық Мацей Сулецкиді жеңіп, WBA чемпионына міндетті қарсылас атанды. Қазір бұл белбеу Геннадий Головкинде.
Дереккөз: Тengrinews.kz