“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” конституциялық заң жобасы мәжілістің қарауына енгізілді. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында аңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, аталған Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да енгізілді. Бұл құжат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал» ҚР Конституциялық заңының жобасына ілеспе болып табылады. Заң жобасы екі кодекс және үш заңға түзетулер енгізуді көздейді.