Facebook-те онлайн танысу қызметі іске қосылады

0 0

Енді Facebook әлеуметтік желісінде адамдар бір-бірімен танысу мүмкіндігіне ие болады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлімдеді. Және желінің бас маманы Крис Коктың айтуынша, танысу қызметі бірнеше айдан кейін іске қосылады.

«Facebook-та 200 миллион адам өздерін жалғыз екендіктерін білдіреді, сондықтан бұл қызмет керек деп ойлаймын. Жаңа функция нақты және ұзақ қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі», — деп Цукербергтің сөзін Reuters келтіреді.

Facebook-тің басшысы бұл қызметтің ұзақ мерзімді қарым-қатынастарға бағытталғанын атап өтіп, дегенмен танысу үстіндегі адамдар бір-бірінің профилін көре алмайтынын айта кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.