Вице-премьер Асқар Жұмағалиев мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға қашан рұқсат берілетінін айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Вице-министр бірқатар нұсқаулықтарға өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
«Мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат ету мәселесі қыркүйекке дейін шешілуі тиіс. Бірақ, смартфон пайдаланған соң олардың жауапкершілігі бірнеше есе артады», — деді А.Жұмағалиев.
Оның айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында смартфон пайдаланудың өзектілігі арта түседі.
«Смартфон тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес бүгінде кез-келген азаматқа қажетті девайс. Себебі, смартфон арқылы баланы балабақшаға кезекке қойып, дәрігерге жазылып, мемлекеттік қызмет алуға болады. Осы мақсатта қазір жұмыс жасалып, арнайы платформа құрылғалы жатыр», — деді вице-премьер.
Айта кету керек, бүгін вице-премьер Асқар Жұмағалиев «Қазпошта» АҚ 4 келілік сәлемдемелерді тасымалдайтын дрондарын тестілеу шарасына қатысты.