ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мәселесі бойынша Сарысу және Талас аудандарында бірқатар сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Сарысу ауданының тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйлерді үлестіру кезінде 1 бөлмелі пәтер алуы тиіс азаматшалар Б. және П.-ға заңсыз артықшылықтар жасаған. Алайда, заңнама талаптарына қарамастан, азаматшалар Б. және П.-ға 2 бөлмелі пәтерлер берілген.
Талас ауданында 2014 жылғы 3 шілдедегі тұрғын үй комиссиясы отырысының №6 хаттамасымен мүгедек балалары бар азаматша К-ға (16 кезек ретімен тұрған), толық емес отбасылы азаматша К-ға (кезек реті 18), оралман болып табылатын азамат С-ға (кезек реті 24) және толық емес отбасылы азаматша П-ға (кезек реті 25) №54 үйден 3 бөлмелі пәтерлер берілген.
Көрсетілген бұзушылықтар мониторингтік топ отырысында қарастырылып, аталған аудан әкімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау жөнінде және жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктері қаралуда.