Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

0 0

Дәл қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтіп жатыр., — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Атаулы шараны салтанатты түрде ашқан Елбасы барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

«Қымбатты қазақстандықтар, сардарлар мен сарбаздар! Қадірлі ардагерлер! Баршаңызды Отан қорғаушы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баһадүр бабалар Ұлы Даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. «Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, Тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет. Жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр. Бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы Күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны», — деп атап өтті Елбасы.

Еске сала кетейік, әскери шеруді барлық отандық телеарналардан тікелей эфирде көре аласыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.