Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасының полигонында 7 мамыр тойланатын Отан қорғаушы күніне арналған Әскери шеру басталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Атаулы шараға ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр.
Сондай-ақ, шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 40 бірлік ұшу аппараты қатысады.
Жауынгерлік парадты республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көруге болады.