Головкин-Мартиросян жекпе-жегі HBO үздік рейтингі қатарына кірді

0 0

Головкин-Мартиросян жекпе-жегі HBO үздік рейтингі қатарына кірді, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми парақшасы.

«НВО арнасындағы Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросянның жекпе-жегі кабельдік телевизияда биылғы жылғы үздік рейтингті көрсетті: орташа алғанда 1,24 млн көрермен, шарықтау шегі 1,361 миллион», – делінген желіде.

Естеріңізге сала кетсек, 5 мамыр күні Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен кезекті кездесуін өткізген болатын.

Дереккөз: 24kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.