Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік аудио және бейнежазбаларды таратқан деген күдікпен 8 адам ұсталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер 10 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түскен.
«ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс аудандарында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азамат ұсталды. ОҚО ІІД-де ҚР ҚК -нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Департаменттің Тергеу басқармасымен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды» делінген хабарламада.