Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясы жүріп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комедияның тұсаукесері 3-4 мамыр күндері өтті. Кезекті сеансы 15 мамыр күні сағат 16.00-де болады.
Қойылымның қоюшы-режиссері белгілі талантты жас режиссер, әрі актер — Рүстем Жаныаманов.
Комедияның суретшісі — Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.
«Беу, қыздар-ай!» — қазақ комедияларының ішіндегі классикалық шығарма деңгейіне жеткен туынды.
Оқиға барысында қазіргі таңдағы елімізде бастау алған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да көрініс береді.
Сонымен қатар, қоғамымыздағы түйткілді мәселелердің бірі – жұмысбастылықпен уақтылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың жайын да әдемі әзіл-әрекетпен көрсетіп береді.