Жамбыл облыстық «Ар-ай» жастар газетіне жаңа бас редактор тағайындалды. Бұл басылымның ендігі басшысы — Дəулет Төленді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Облыстық “Арай” жастар газетінде еңбек жолын бастаған Д. Төленді Тараз қалалық “Жамбыл Тараз” газетінде де біліктілігімен көзге түсті. Кейін “Арай” жастар газетінде бас редактордың орынбасары болып, басылымның жаңа бағыт алып, оқырмандарының көбеюіне сүбелі үлес қосты.
Бұдан бөлек, бірнеше республикалық басылымдарда еңбек еткен ол қаламы қарымды журналист екенін дәлелдеді. Астана қаласында Ішкі істер министрлігі Медиа орталығында бас директордың орынбасары, ал, бұл уақытқа дейін біршама уақыт осы газетте бас редактордың орынбасары қызметін атқарған.