Таразда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты

0 1

Өрт салдарынан Төле би көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт бүгін таңғы сағат 07 шамасында шыққан.

Тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан тұрмыстық зат қоятын бөлме өртеніп, 3 адам құтқарылған, оның ішінде 2-уі балалар болған.

Одан әрі өрт құтқарушылар сол үйдегі 38 адамды эвакуациялаған, олардың 12-сі балалар.

Тілсіз жау 07.42-де ауыздықталып, 07.45-те толығымен сөндірілген.

Өрттің алдын ала шығу себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жалынды ауыздықтауға Жамбыл облыстық өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері тартылды. 4 арнайы өрт сөндіру техникасы қолданылды.

Оқиға орнында 4 адамға жедел жәрдем қызметінің өкілдерімен медициналық көмек көрсетілген.

Өрт көлемі 5 шаршы метрді құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.