Ұлттық банк инфляция деңгейін төмендетуде

0 16

ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы жылдық инфляция деңгейін 2016-2018 жылдар аралығында 15,2% –дан 6,7% – ға дейін 2,5 есе төмендетті. Бұл туралы бүгінгі өткен брифингте ҚР Ұлттық Банк Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Сондай-ақ, 2018 жылы инфляцияны 5-7% дәліз шеңберінде ұстап тұру жоспарлануда. Ал 2020 жылдан бастап 4% — дан төмен ұстайтындарын жеткізді.

Тағы айта кетерлігі, 2018 жылдың 10 мамырына дейінгі Қазақстан қор нарығындағы екі сессияның қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы айдың басынан 0,11% –ға төмендеп, 1 АҚШ доллары 327,63 теңгені құраған. 2018 жылдың басынан теңгенің айырбастау бағамы 1,41% –ға жоғарылап, 1 АҚШ доллары үшін 318,31-333,29 диапазонында өзгеріп отырған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.