«Қазгидромет» РМК еліміздің оңтүстігіндегі үш өңір мен Алматы қаласында су тасқынының қаупі туралы ескертті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
12-13 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының таудағы өзендерінде қатты жаңбырға байланысты су деңгейі арнасынан асуы мүмкін.
12-14 мамырда Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында жауын-шашын салдарынан беткейлік ағындарда су тасқыны болуы ықтимал.