Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев жұмыс берушiлерден 15 мамыр күнi ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады. 15 мамырда бүкiл Қазақстан бойынша жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтедi.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Ерлан Сағадиевтiң айтуынша, елiмiзде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы 15 мамырда өтедi. Жалпұлттық жиналыс алғаш рет былтыр ұйымдастырылған болатын.
«Өздерiңiз бiлесiздер, бiзде әдетте жиналысқа орташа алғанда ата-аналардың 10-15 пайызы ғана қатысады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы келдi. Бұл өте жақсы нәтиже. Бiз биыл осы нәтиженi қайталағамыз келедi. Сондықтан, Бiлiм және ғылым министрлiгi атынан барлық жұмыс берушiлерден, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан ата-аналарды 15 мамыр күнi жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан ертерек босатуды сұраймыз», — дедi Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.