«Men qazaqpyn» жобасының аудандарда іріктеу кезеңі аяқталды

0 0

Жамбыл облысында дәстүрлі ән, терме-жырдың мәртебесін көтеруге арналған байқаудың аудандарда іріктеу кезеңі  аяқталды. Бұл туралы бүгінгі ӨКҚ өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Ағымдағы жылдың 14-19 маусым аралығында Тараз қаласы мен облыс аудандарында іріктеу кезеңдері өткізілді. Байқауға дәстүрлі ән, терме және күй жанры бойынша 18-40 жас аралығында 146 өнерпаз қатысты. Жеңімпаздарға облыстық байқауға өткендігін дәлелдейтін сертификат берілді.

Сондай-ақ, аймақтардан оза шапқан 39 өнерпаз 14 маусымда өтетін облыстық іріктеу турына қатысады. Онда жеңімпаз атанған 1 әнші, 1 күйші және 1 термеші республикалық сайысқа жолдама алады. Олар тамыз, қазан, қараша айларында Астана қаласында өтетін мега жобаға қатысып, бақтарын сынайды.

Айта кетейік, елімізде «Men qazaqpyn» ұлттық телевизиялық мега жобасының екінші маусымы өтуде. Жобаға еліміздің әр аймағы мен Ресей, ҚХР, Монғолия мемлекеттері қатысып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.