Биыл ҰБТ бірашама өзгерістермен жаңа форматта өтеді. Маңызды науқанға дайындық деңгейі қалай? Бұл сауалдың жауабын саралаған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов сала мамандарының басын қосып жиын өткізіп, дайындықты пысықтады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Jambyl телеарнасына сілтеме жасап.
Биыл Жамбыл облысында 9611 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Олардың ішінде 241 оқушы «Алтын белгіге» және 194-і үздік аттестатқа үміткер.
Биылғы ҰБТ-ға түлектердің 63 пайызы қатысады деп күтілуде. Жылдың ең басты емтиханын өткізу үшін 10 тестілеу пункті жұмыс істейтін болады. Оның екеуі Тараз қаласында болса, қалғаны аудандарда орналасқан.
Жиын барысында Ерқанат Мәнжуов білім бәйгесін мінсіз ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалу керектігін атап өтті.