2018 жылдың 10-14 мамыр аралығында Улан-Батор (Моңғолия) қаласында самбо күресінен Азия чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Аталған чемпионатқа Азияның 14 мемлекетінен барлығы 220 спортшы қатысты. Ал Жамбыл облысынан ҚР құрама командасының сапында 8 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
- Ж.Оңалбай 70кг самбо 1 орын
- І.Ералиев 87кг самбо 1 орын
- Б.Сайлауов 52кг самбо 2 орын
- Е.Әзімханов 100кг самбо 2 орын
- А.Орынбасарова 60кг самбо 1 орын
- Н.Әлменова 52кг самбо 2 орын
- А.Аманбекова 60кг самбо 2 орын
- Е.Тукекбаев 82кг Жауынгерлік самбо 3 орын
Айта кетерлігі, облыстың аға жаттықтырушысы Р.Қожатаев пен Х.Лукмановтың еңбектері өз нәтижесін көрсетті.