ҚР Парламент Сенатының бір топ депутаты Жамбыл облысына жұмыс сапарымен жүр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Мақсат — агроөнеркәсіп кешені бойынша жасалып жатқан жұмыстармен танысу.
Агроөнеркәсіп комитетінің өкілдері алдымен Жуалы ауданындағы «Гамбург» С ЖШС-не барды. Қазір шаруа қожалығының қарамағында 2500 га жер бар, мұнда ірі қара мал жайылып, жемшөп дақылдары өсіріледі. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу – шаруашылықтың жалғыз бағыты емес. Серіктестік ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын іске асыру бойынша жобаны жүзеге асыруда. Кәсіпкердің өз кәсібін ұлғайтуына «Агробизнес — 2020» бағдарламасы сеп болыпты. Сенаторлар қайырылған келесі нысан орта Азиядағы ең ірі «Бурное Солар» күн электр станциясы. Қуаты әзірге 50 мегаватты құрайтын станцияны 100 мегаватқа дейін кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын күндері іске толық қосылады деп жоспарлануда.
Парламент Сенаты депутаттарының жұмыс сапары бұдан кейін Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарында жалғасады деп күтілуде.