Облыс экономикасында жұмыспен қамтылған халық саны 2018 жылдың бірінші тоқсанында 502,4 мың адамды құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер 322,5 мың адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 64,2% құрады.
Жалдамалы қызметкерлердің көпшілік басымы кәсіпорындарда жұмыс атқарады. Өз бетінше жұмыспен қамтылған 179,9 мың тұрғынның басым бөлігі ауыл шаруашылығында және сауда саласында жұмыс істейді.
Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санында жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 91,7% — ды құрады.
2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыз халық саны 25,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрап отыр.