Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы алға басуда

0 15

Бұл туралы бүгін ӨКҚ өткен брифингте Т.Рысқұлов ауданының әкімі А.С.Қрықбаев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Бүгінгі таңда ауданда 1221 шаруа қожалығы жұмыс атқарып, жоспарланған көрсеткішке сәйкес ағымдағы жылы құны 26 698,3 млн. теңгені құрайтын өнім өндіру жоспарланып отыр. Атап айтар болсақ, егін шаруашылығы 13 814,1 млн.тг, мал шаруашылығы өнімі 12 884,2 млн. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, осы жылы аудандағы барлық каналдар мен бұрынғы скважиналарға Мемлекеттік бағдарлама арқылы 2 млрд. 106 млн. теңге қаржы бөлініп, жөнделу жұмыстары қарастырылуда.

Ал егін шаруашылығы бойынша дақыл егуді былтырғы жылмен салыстырғанда, 2680 га жерге ұлғайту міндеті алға қойылды. Осыған сәйкес, егілген өнімнің 100 гектар алқабынан 2-3 есе артық өнім алынады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.