14 бала көпқабатты үй терезесінен құлады

0 18

Өткен жылы Жамбыл облысы аумағында кәмілетке толмаған 14 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Осындай жағдайлардан 13 бала зардап шегіп, 5 қаза болған. Ал 2018 жылы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен бір бала құлап, 2 тұрмыстағы жағдайдан 10 жасқа дейінгі бала зардап шеккен.

Сонымен қатар, өткен жылы әр-түрлі су айдындарында суға кетіп, қаза болған 21 баланың жасы небәрі 17- ден аспаған.

Тұрмыстық жағдайда көбінесе жарақаттану факторлары — ашық от, өткір заттар, шыны, майда заттар, қайнаған су құйылған ыдыстар, электр тоғы, емдік заттар, бояу заттары және тұрмыстық химиялар, дұрыс жабдықталмаған балалардың ойын алаңы және ойнап жүрген балаларға ересектердің қарамауынан орын алып жатады. Қараусыз қалдырудың соңы қайғылы жағдайға соқтырмау үшін төтенше жағдай қызметі балаларға абай болуды ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.