Жамбыл облысына Қырғызстан Республикасының делегациясы келді

0 2

Бүгін Жамбыл облысына Қырғызстан Республикасы Талас облысы делегациясы жұмыс сапарымен келді. Біркүндік кездесу аясында шекаралас Республикалар мен көршілес өңірлер арасындағы  ынтымақтастықты және серіктестікті нығайту бойынша іс-шаралар жоспарландыБұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды. 

«Айша бибі» бекетінен делегацияларды күтіп алу шарасынан кейін,  Жамбыл және Талас облыстарының халықаралық ынтымақтастық пен бизнес-қоғамдастық арасындағы серіктестік қатынастарды орнату үшін,  Тараз қаласында орналасқан Достық үйіне келеді. Мұндағы кездесу барысында В2В өнеркәсіптік өнімнің экспортын орнату  іс-шаралары  және әрі қарай серіктестік мәселелері қарастырылады. Кездесу аясында облыстың тауар өндіруші өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі өтеді. Жамбыл өнеркәсіптері ауқымды түрде аяқ-киім, тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің басқа да өнімдерін, сонымен қатар құрылыс материалдарын, энергоүнемді шамдардың  ауқымды ассортиментерін, аграрлық секторының былғары, сүт және шұжық  өнімдерін ұсынады.

Кездесу барысында Жамбыл облысының  әкімі Асқар Мырзахметов пен Қырғыз Республикасы  үкіметінің Талас облысындағы үкіметті өкілі Марат Мураталиев ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қояды деп күтілуде. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы және су бөлісу салаларындағы іс-қимыл сияқты мемлекетаралық маңызды мәселелер қаралатын болады. Олардың қатарында:

— Осындай іс-шара Талас облысында ұйымдастырылатын болса бидай, ұн және ет өнімдерін жеткізу қажет;

—  Жамбыл облысынан сиыр етін импорттауға квота бөлу;

— Жамбыл облысына Талас облысынан жеміс-көкөністердің ерте пісетін өнімдерін жылыжайға жеткізуге көмектесу;

— Талас облысына бидай, ұн және ет өнімдерін тасымалдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

—  Жамбыл облысынан сиыр етінің импортына квота бөлу;

— Талас облысынан Жамбыл облысана жылулық және ерте көктемдік шаруашылық  өнімдерінің түрлерін тасымалдауға көмектесу;

— Талас өзені туралы  мемлекетаралық су бөлісу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы су ресурстарын әділ бөлу;

— Қазақстандағы ауылшаруашылық өнеркәсіптері үшін Кож және Райс каналдары бойынш  суару уақытында үзіліссіз су берумен қамтамасыз ету;

— 1948 жылғы Куркуреусу өзенін бөлу бойынша ережеге   сәйкес, Жамбыл облысы  Жуалы ауданының ауылшаруашылық өнеркәсіптерін  Куркуреусу өзені арқылы Ақмолда, Каратаки және Томентамга  қаналдарын сумен қамтамасыз ету;

Сапардың іскерлік бөлігі аяқталғаннан кейін «Баласағұн» орталық концерт залында «Бірлігіміз жарасқан» атты Жамбыл облысы мен Қырғызстан Республикасы Талас облысы әртістерінің қатысуымен фестиваль өтеді.

Сапар соңында қонақтар Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысады. Мұндай кездесулер шекаралас облыстардың ынтымақтастықтарын одан әрі нығайтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.