Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері ағымдағы жылдың 27-28 мамыр аралығында облыс аумағындағы орын алған өрт оқиғалары туралы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Атап айтар болсақ, 27 мамыр күні сағат 18:00-де мекен-жайы: Тараз қаласы, Шөлдала ауылы, «Победа» иіні, Арычная көшесі жеке тұрғын үйдің ауласындағы сарай шатырының өртену оқиғасы болды. Өрт сағат 18:47-де оқшауланып, сағат 19:00-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (16 адам, 3 тех.) күшімен толық сөндірілді.
Сондай-ақ, 28 мамырда сағат 00:28-де Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Молдабекова көшесі жеке тұрғын үйдің жанында «Фольксваген Пассат» , жеңіл автокөлігі өртеніп кетті. Өрт сағат 01:00-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (3 адам, 1 тех.) күшімен толығымен сөндірілді.
Сонымен қатар, 28 мамыр күні сағат 04:15-те Шу ауданы, Төле би ауылы, Қонаев көшесі жеке тұрғын үйдің ауласындағы шөпхана шөбімен (2000 түк) өртену оқиғасы болды. Өрт ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (6 адам, 2 тех.) күшімен сағат 04:42-де оқшауланып, сағат 06:02-де толық сөндірілді.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 5-рет халыққа көмектесу жұмыстарына шықты.