Тараз қаласында «қызыл сызыққа» соғылған құрылыс нысандарына рейд жүргізілді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеріс құрамында сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары маманы бар топ мүшелері Жамбыл даңғылы №153а, №156а, №156/1, Сыпатай батыр 67 құрылыс нысандарында болды.
2010 жылы бекітілген қаланың бас жоспарына сәйкес соғылатын құрылыс нысаны үлкен даңғылдың орта сызығынан 30 м қашықтықта болуы тиіс. Аталған құрылыс нысандары көшені 10 м дейін қамтып, қоршап алған. Аталған құрылыс нысандары ешқандай рұқсат құжатсыз құрылысты бастағаны туралы ескертіліп, мемлекеттік-сәулет,құрылыс бақылау басқармасына хат жолданды.
Бүгінде қалада сәулет және қала құрылысы бөімінің мамандарымен анықталған 21 нысан тіркелген. Олардың барлығы дерлік ешқандай рұқсат қағазсыз, өз беттерінше «қызыл сызыққа» жобадан ауытқып, күрделі құрылыс салып жатқан азаматтар.