Тараз қаласында облыстық спартакиада өтеді

0 4

Ағымдағы жылдың 7-9 маусым аралығында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында есту қабілеті төмен спортшылыр арасындағы Қазақстан Республикасының 2-ші Спартакиадасына Жамбыл облысының іріктеу жарысы өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Спартакиада 10-спорт түрінен өтеді. Атап айтар болсақ, жүзу, жеңіл атлетика,шахмат, үстел тенисі, еркін күрес, грек-рим күресі, шағын футбол, бадминтон, дзюдо, армрестлинг секілді спорт түрлерінен спортшылар өз бақтарын сынайды.

Жарысқа Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласынан жалпы саны 100 – ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізеді.

Аталған шараның басты мақсаты — Жамбыл облысының құрама командасын жасақтау, облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортты насихаттау.

Жарыстың салтанатты ашылуы: 2018 жылдың 7 маусым күні, сағат 10.00-де

Leave A Reply

Your email address will not be published.