Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастардың әлеуметтік белсенділігін, өмірлік дағдыларын арттыру, туған өлкесінің дамуына үлес қосуына мүмкіндік беру мақсатында «Zhas Projeсt» Жастар корпусын дамыту жобасын облысымызда іске асыру басталды. Бұл туралы «Zhambylnews»АА хабарлайды.
Жобаға 14-тен 29 жасқа дейінгі жұмыс істемейтін және оқымайтын немесе табыс көлемі төмен 3-5 жастан құралған командалар қатыса алады. Жоба шеңберінде облыс жастары конкурсқа қатысып, 1 000 000 теңгені құрайтын қайтарымсыз грантқа ие болады. Сондай-ақ, Жобаға қатысушылар өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқару бағдарламасы бойынша 3 кезеңдік оқыту курстарынан өткізіліп, 6 ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады. Осы аралықта жобаға қатысушыларға 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейінгі мөлшерде ай сайынғы шәкіртақылар тағайындалады.
Жобаларды іске асыру шеңберінде тренингтер өткізу мен тәлімгерлік бойынша әдістемелік құралдарын; Ментордың сертификатын; Жастармен сессиялар өткізу үшін шығындарды жабуға арналған ақшалай өтемақы (жоба үшін 5500 теңге, жол шығындары, жол жүруге қосымша төлемдер 50 шақырымнан кейін, әр 50 шақырымға 500 теңге; ең жоғарғы қосымша төлем 2 500 теңгеден артық емес); Жастармен жұмыс жасау бойынша сарапшылардың желісіне қатысу мүмкіндігін алады.
Жобаға қатысу үшін Zhasproject.kz сайтына кіріп, тіркеліңіздер! Тек қана 20 мамырдан 20 маусымға дейін! БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ: 8-800-080-15-20 (ТЕГІН) WHATSAPP: +7-700-080-15-20
Ақпарат үшін: Жамбыл облысы бойынша гранттық менеджері Камал Тұрлыхан (ұялы тел. +77471897404).