Қандай ауру түрлері бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі

0 3

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова амбулаторияда тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін ауру түрлерін атады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімі Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы № 666 бұйрығымен бекітілген. Оны министрлік сайтында, жергілікті денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында және Фармация комитетінің аумақтық департаменттерінен көруге болады.

«Бұл тізімде 40-тан астам ауру түрлері бар, оның ішінде — жүректің ишемиялық ауруы, күретамыр гипертониясы, аритмия, созылмалы В және С вирусты гепатиттері, гемобластоздар, қатерлі ісік аурулары, темір тапшылығы анемиясы, қанның ұюы факторлары, І және ІІ типті қант диабеті, қантсыз диабет, муковизцидоз, Гоше кеселі, мукополесахоридос сынды орфандық аурулар, күретамырдың қабынуы, Паркинсон ауруы, миостения, балалардың церебралды сал ауруы, склероз, эпилепсия және әлеуметтік маңызы бар — ВИЧ, СПИД, туберкулез аурулары көрсетілген», — деді Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, комитет басшысы онкологиялық ауруы бар науқастарға паллиативтік көмек (уақытша жеңілдік беретіндәрі) көрсетілетінін еске салды.

Одан бөлек, перинаталдық орталықтарда жаңа туған нәрестелер тегін дәрі қорабымен қамтамасыз етіледі. Белгілі бір санаттарға ана сүтін алмастырғыштар, фенилкетонуриямен ауыратын сәбилерге арнайы азық-түлік өнімдері беріледі. Оларды балаларға қызмет көрсететін емханалар сатып алады және дәрігердің нұсқауымен сәбидің ата-анасына береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.