Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жаз мезгілінің алғашқы маусымындағы бірінші қайғылы оқиғаны тіркеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Шайқорық» ауылындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығында қолдан жасалған көлшікке 37 жастағы тұрғын батып кетті», — деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Марқұмның денесін «Ерекше құтқару жасағы» ММ-нің күштері алып шықты. Сондай-ақ бұл жұмысқа тағы 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылған.
Қазіргі таңда болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, өткен 2017 жылы 33 адам суға батып мерт болған. Олардың 22-сі балалар. Биыл Жуалы ауданындағы Билікөл өзенінде балық ауламақ болған жергілікті тұрғын суға батып кетті.