Жамбылдық құтқарушылар құтқаруды үйретеді

0 0

Облыстық ТЖД Жедел — құтқару жасағы қоғамдық құтқару бекеттері үшін құтқарушы – жасақшыларды даярлайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Шомылу маусымы кезінде судағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс- шараға судағы жұмысқа денсаулығы жағынан рұқсат етілген, жақсы жүзуді білетін тұлғалар жұмылдырылады.

Құтқарушы-жасақ жүзу, сүңгу және судан зардап шеккендерді алып шығу, батып бара жатқан адамның басып алуынан босап шығу және зардап шегушіні жүзіп сүйреу, жүзу және құтқару құралдарын қолдана отырып (құтқару шеңберлерін және көкірекшелерді, «конец Александрова» және тағы басқа құтқару құралдары) суға батқан адамдарды құтқару, суда алғашқы медициналық көмек көрсету, суда және құтқару бекеттеріндегі қауіпсіздік техникасы үйретіледі.

Теориялық және тәжірибелік емтиханды ойдағыдай тапсырғандар бекітілген қоғамдық бекеттерге орналастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.