Дені сау дәрігер – дені сау пациент

0 9

«Медицина қызметкерлері күніне» орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Мерекелік шара Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен ұйымдастырылып, Меркі, Жамбыл аудандық орталық ауруханаларының, облыстық ауруханалардың «Бәйтерек» құрама командасы, қалалық емханалар мен ауруханалардың «Сұңқар» командалары қатысты.

Командалар кіші футбол, волейбол, эстафеталық жүгіру, арқан тарту мен шахмат ойындары бойынша жарысқа түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Меркі аудандық орталық ауруханасы, 2-ші орынды Жамбыл аудандық орталық ауруханасы, 3-ші орынды «Бәйтерек» командасы иеленіп, жеңімпаздар заттай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.