Таразда мотобайкерлер шеруі өтті

0 4

Тараз қаласы «Достық» алаңында мотобайкерлер шеруі ұйымдастырылды. Мотоциклисттер алдымен қала көшелерін айналып, орталық алаңға қызықтап келген жұртқа өз өнерлерін паш етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Мотоцикл қауіпті көлік құралы болса да,  бұл көлікті тізгіндегендер қатары жыл сайын артуда. Бұған дәлел ретінде шеруге жиналған байкерлерді айтуға болады. Қаладағы алғашқы рет өткізіліп отырған шеруге Қырғызстан Республикасынан және Алматы, Шымкент  қалаларынан да қатысушы қонақтар келген.

Алаңның басты экспонаты мотоцикл болды. Еркіндік сүюшілер алаңда мотоциклмен әр түрлі қимылдар жасап, түрлі бөгеттерден өту сайыстарына жоғары дайындықпен келген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.