Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай көтерілді

0 3

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай қымбаттады, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,96  долларға көтеріліп, баррелі 77,32 долларға дейін жетті.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,22 долларға қымбаттап, баррелі 65,95 долларды құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.