Күні кеше облыс әкімдігі ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовтың қатысуымен жазғы сауықтыру лагерлерінің өрт қауіпсіздігі бойынша жиын өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ағымдағы жылы облыстық ТЖД қызметкерлері облыс аумағындағы 802 білім беру обьектілерінің өрт қауіпсіздігі жағдайына тексеру жүргізді. Нәтижесінде 786 білім беру мекемесінде 6552 өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы анықталған. Осыған сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке 786 заңды және лауазымды тұлғалар тартылып, оларға жалпы құны 16 486 274 теңге айыппұл салынды.
Сонымен бірге, биыл облыс аумағында жазғы демалыс кезінде 10 жазғы балаларды сауықтыру лагері ұйымдастырылып отыр.
Қазіргі таңда 10 лагерьдің өртке қарсы жағдайына тексеру жүргізіліп, қорытындыға сәйкес, 8 лагерьде 54 бұзушылық дерегі орын алды.
Жиын соңында Ерқанат Нұрбапаұлы ең басты мақсат — балалардың қауіпсіздігі дей келе, өрт қауіпсіздігіне дайындығы жоқ жазғы сауықтыру лагерьлерін жабуды бұйырды.