Дала өрті Рысқұлов ауданына қарасты «Тайсойған» жерінің аумағында болып жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Маусымның 6 күні басталған өрт қазіргі таңда Т. Рысқұлов ауданынан Меркі ауданындағы «Қорабай» жеріне өтіп кеткен.
Нақты мәлімет өрт ауыздықталғаннан кейін белгілі болады. Өңірлік «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» қызметкерлерінің айтуынша, осы уақытқа дейін мың гектардан астам ашық алқап жанып кеткен.
Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Лапылдаған қызыл жалын дес берер емес. Тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге 130-ға жуық адам мен 19 техника жұмылдырылған.