Биыл жылыту маусымына жауаптыларға қатаң талап қойылған. Мамандар 15 қазанға дейін дайындық жұмыстарын аяқтауы тиіс, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 77news.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Коммуналдық шарушылық, әлеуметтік сала нысандары мен тұрғын үйлер 100 пайыз дайын болуға міндетті. Ал білім беру саласында қайта жөндеу көріп жатқан 106 нысан 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, жоспарланған 1192 көпқабатты үйдің әзірге 53 жылыту маусымына толықтай әзірленген. Штаб отырысында апатты жағдайдағы қазандықтар жайы да талқыға салынды. Былтыр олардың саны өңір бойынша 56 болса, биыл 8 нысанға қаржы қарастырылған. 15 нысанға модульдік қазандықтар орнату үшін келісімдер жүргізілуде, — дейді мамандар.
Жиында жылда орын алатын кемшіліктер де сөз болды. Жауаптылар бәрі дайын дейді, жеме-жемге келгенде олқылықтар орын алып, ақаулар анықтала бастайды. Осындай кем-кетіктің салдарынан, былтыр Тараз қаласының өзінде 20 тұрғын-үй жылуға уақытылы қосыла алмаған.