Қытайдағы тайфуннан 5 адам қаза тапты

0 0

Қытайдың оңтүстігін жайпаған «Эвиниар» тайфуны салдарынан 5 адам көз жұмып, бір адам із-түссіз жоғалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап.

Елдің орталық телеарнасы толассыз жауын мен дауыл кезінде зардап шеккен азаматтардың барлығы үйлерінде болғаны туралы хабарлады. Қытай ұлттық метеорологиялық обсерваториясы ауа райының қауіптілігіне байланысты төтенше жағдайдың әлі де біраз күнге созылатынын жариялады. Кей аймақтарда судың деңгейі 2 метрге дейін жеткен. Құтқарушылар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Ел билігі халықтың сыртқа көп шықпай, тасқыннан сақтану шараларын ұмытпауға шақырды.  Синоптиктер жауынның әлі үш күнге созылатыны туралы хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.