Жамбыл облысында су айдынындағы қауіпсіздік бақылауда

0 9

Таразда жазғы шомылу маусымында су айдындарында  қайғылы  оқиғалардың алдын алу, адам өлімін болдырмау мақсатында рейд жасалды, — деп  хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Рейдте  Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел құтқару жасағы, жерлікті атқарушы органдар және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен волонтерлар  Зербұлақ көлі мен «Аква-Лайф»,  «Меруерт» жеке бассейндерінде  қауіпсіздіктің алдын алу мен ережелерін  түсіндірді. Облыс аумағында 200 жуық су айдындары бар, оның ішінде ең ірілері: Талас, Шу, Аса өзендері, Ақкөл, Билікөл және Балхаш көлінің бір бөлігі, Теріс – Ащыбұлақ, Тасөткел су қоймалары болып табылады.

2017 жылы облыс аумағында өткізілген іс-шараларға қарамастан оқиғалар 29  қайғылы оқиғалар тіркеліп, салдарынан 33 адам қаза болып, оның ішінде 21-і балалар.

Жамбыл облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ жеке құрамы облыстың 3 су айдындарында олар Тараз қаласы «Зербұлақ» көлінде қалалық балалар шомылатын жағажай, Талас  ауданы Қаратау қаласы «Жартас» көлінде, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы «Қалалық жағажайда» тәуліктік кезекшілікті атқарады.

Сонымен бірге, 50 астам мерзімдік бассейндер тіркеліп, оның ішінде 50 Тараз қаласында орналасқан, ал жыл бойы жұмыс істейтін 2 арнайы бассейн Тараз қаласында олар «Тараз-Арена» және «Дельфин».

Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті бюджет қорынан «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында 7000 жаднама және 12 ескерту белгілері алынды.

Ағымдағы жылы шомылу маусымы қайғылы оқиғадан басталды. 30 мамырда күндіз  Шайқорық ауылындағы  жасанды сутоғанда  1981 жжылы туылған  азамат шомылу кезінде суға батып кеткен. Күәгерлердің мәлеметтері бойынша, ол мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта Жазғы демалыс және суға шомылу маусымы басталғалы, құтқарушылар  қала және облыс су айдарында алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.